Алматыда жезөкше қылу үшін көшеден қыз алып қашқандар ұсталды
qha.com.ua
Алматыда бір қызды көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұрлап әкетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлемек болған.
Жоғалып-табылған алматылық қыз бірнеше күн жыныстық құлдықта болғанын айтады. Полиция бұған қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД-ға сілтеме жасап.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде осы қылмысқа қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. 8 қаңтарда таңертеңгі сағат 7-де олардың бірі 1996 жылғы "А" деген азамат қызды "Қанағат" асханасынан алып кетіп, жалдамалы пәтерге алдап апарған, ол арадан 1972 жылғы "Б" деген азамат оны Усачева көшесіндегі жеке үйге күштеп апарып, сол арада қызды соққыға жығып, күштеп ұстаған, делінген хабарламада.
(сурет видеодан алынды)
Қазіргі уақытта тергеудің толыққандығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Осы қылмысқа қатысы бар сыбайлас тағы екі қыз іздестіріліп жатыр.
Айта кетсек, Алматыда бір қызды көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұрлап әкетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлемек болған.
Оқи отырыңыз: Алматыда бойжеткенді көшеден ұрлап, жезөкшелікке мәжбүрлей жаздады
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript