Шетелдік көлікті заңдастыруға қанша ақша кетеді?
Бүгін қаңтардың 17-сінде Ақтауда шетелдік көліктерді тіркеудің жаңа талаптарына наразылықтарын білдіру үшін автокөлік иелері Nur Otan партиясы филиалының ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды zakon.kz Ладаға сілтеме жасап.
Nur Otan партиясы филиалының ғимаратында өткен "Жолдағы қабылдау" акциясы аясында өткен жиында Мемлекеттік кірістер департаментінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Сұлтан Шамұратов шетелдік нөмірдегі автомобильдерді қалай тіркеу керектігін түсіндірді.
- 2014 жылдың 10 қазанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Арменияда кедендік тіркеуден өтіп, сол жақтан әкелінген автомобильдер шетелдік болып саналады. Оны мұнда тіркеу үшін - Арменияда (ол кезде Арменияда кедендік баж салығы төмен болған) және Қазақстанда жүргізілген төлемдер арасындағы айырманы төлеу қажет. Біздің тарифтеріміз Арменияға қарағанда жоғары, - деді Сұлтан Шамұратов.
Әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының мемлекеттік аға инспекторы Нұрпейіс Қадыров кедендік баж салығы бойынша айырмашылықты төлегеннен кейін азаматтар пайдалану ақысы (утилизация) мен алғашқы тіркеу жарнасын төлеуі керек екендігін атап өтті. Төлем мөлшері көлік құралының түріне байланысты болып келеді.
"Мысалы, Toyota Camry маркасын алайық. Оның көлемі 2,5 литр делік. Егер автомобиль қолданысы үш жылдан асқан болса, онда төлем 500 айлық есептік көрсеткішке пара-пар болады. "Жол қозғалысы туралы" заң 2014 жылы күшіне енді, ал Армения 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды. Демек, заң кеше пайда болған жоқ, ол «бұрын» да болған. Автокөлік сатып алғаннан кейін, Қазақстан азаматтары оны 10 күннің ішінде тіркетуі керек", - деді Нұрпейіс Қадыров.
Алайда жиналған автокөлік жүргізушілері Қазақстанда автокөлікті заңдастыру үшін шетелден автомобиль сатып алуға кеткен ақша көлеміндей қаржы жұмсалатынын, оның удай екендігін айтып шығамданады. Олар үкіметтен көліктерін заңдастырып беруді сұрайды.
Бұған дейін Қазақстанда болғанына бір жылдан асқан армян, қырғыз және ресей автомобильдеріне тыйым салынатындығы хабарланған болатын.
ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды шет елдерде тіркелген көлік құралдарын өз елімізде тіркеуге шақырды.
Бұған наразылық білдіру үшін еліміздің әр өңірінде көлік иелері бейбіт митингіге жиналып жатыр.