"Шетелден әкелінген көлікті рәсімдейтін" алаяқ анықталды
Ақтөбе облысында алаяқтықтың жаңа түрлері күн сайын артуда, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан алаяқтық фактілері орын алды. Талдауға сәйкес, көптеген жағдайларда алаяқтық әрекеттер азаматтардың сеніміне кіру, олардың мүлігін алдау жолымен иемденіп жатады. 10-ақпан күні 25 жасар ақтөбелік Ресей Федерациясының есебінде тұрған автокөлікті Қазақстан Республикасының есебіне тұрғызып беремін дегенді желеу етіп, 43 жастағы танысының 500 мың теңгесін заңсыз иеленген.
Тағы бір жайт, күдікті "WhatsApp" желісі арқылы жазыса отырып, екі есе пайда алу мақсатымен сенімге кіріп, 15 мың теңге сомасында бөтеннің ақшасын заңсыз иеленген. Мұндай өтініштер полицияға күн сайын келіп түседі. Қазіргі уақытта барлық өтініштер тіркелген, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан мұқият және қырағы болуды сұрайды.
"Бейтаныс тұлғаларға жасырын төлем жүйелері арқылы ақша аудара отырып, мәміле болмаған жағдайда, оларды қайтару мүмкіндігі жоқ екенін есте сақтаңыз. Қазіргі кезде әр түрлі алаяқтық фактілерінің кең таралған себебінен олардың арбауына түспеу өте маңызды. Сондықтан қырағы және мұқият болу қажет. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз" делінген департамент хабарламасында.
Оқи отырыңыз