Жоқ көлікті саудалаған алаяқ құрықталды

Алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 17:00 Сурет: pixabay
Ол қымбат көлікті арзанға әперемін деп алдап келген

Күдікті алаяқтық дерегі бойынша бұрын да жауапқа тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қараша күні Алматы облысы Іле ауданынының тұрғыны аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтыққа қатысты шара қолдану туралы жазбаша өтініш білдірген. Ч есімді азамат көлік әперемін деп, оның 9 миллион теңгесін алып, хабарсыз кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол қымбат көлікті арзан бағаға ұсынып, 9 миллион теңгені алып, хабарсыз кеткен. Іле аудандық полиция басқармасының бастығы Айдар Абдархманұлы

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған, сондай-ақ оған қатысты төрт факт дәлелденген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: