"Моңғолиядан әкеле жатырмын" деп жоқ көлікті 15 адамға сатқан алаяқ ұсталды
Сурет: pixabay
Астана тұрғыны Моңғолия Республикасынан көлік жеткіземіз деген желеумен 15 азаматты алдап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, алаяқтың қолынан Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары зардап шеккен.
"Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген азамат жәбірленушілерден ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсап үлгерген. Ол ақшаның бір бөлігін тұтынушыларға көлік сатып алуға жұмсап, ал қалғанын ысырап жасағаны белгілі болды", делінген хабарламада.
Осылайша полицейлерге Қарағанды облысының тұрғыны хабарласып, көлік сатып алу үшін алаяққа 21 млн 700 мың теңге ақша бергенін айтқан. Тағы бір жағдайда тұрғын көлік алу үшін 3 миллион 300 мың теңге берген.
"Жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыруға жұмылған Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысты деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", дейді полициядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript