Жаңалықтар тізбегі
0

Баспана дауы: Таразда әкімдікке басып кірген әйелдер тосын жайтқа тап болды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 16:11 Ашық дерекөздерден алынды
Нұрбек Молдағынның айтуынша, жалғызбасты әрі бір-екі бала тәрбиелеп отырған әйелдерге заң бойынша баспана берілмейді.

Таразда 30-ға жуық әйел әкімдікке басып кірді. Ашынған аналар 10 жылдап күткен тұрғын үй кезегінің еш қозғалмайтынына наразы. Көбі - жалғызбасты және мүгедек бала бағып отырғандар. Олар әкімдіктен баспана мәселесін шешуді талап етуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті билікке талап тілегін білдіре келген әйелдердің көбі, тұрғын үй кезегінде 10 жылдап тұрғандар. Басты базынасы - баспаналы болу. Бірақ кедергі көп, - дейді. Сан жыл кезекте тұрса да, әлі үй ала алмай жүргендерін айтады. Көп балалылармен қатар мүгедек баласы барларға және жалғызбасты әйелдерге де баспана берілсе дейді.

"Мүгедек бала асырап отырмын, қызымның жәрдемақысы дәрісінен артылмайды. Жалдамалы пәтерде тұрғаныма тоғыз жыл болды. 2014 жылдың аяғында баспана кезегіне 5554-болып тұрғанмын. Кезегім әлі келген жоқ. Қазір 4463-болып тұр екенмін. Бізге жатақхана берілуі керек", - деді Тараз қаласының тұрғыны Балнұр САРЖАНОВА.

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне келген әйелдер үй бөлумен айналысатын комиссия мүшелеріне күдікпен қарайтынын жасырмайды. Одан өзге үй бөлінуін бақылауы тиіс "Ақжүніс" қоғамдық қорының мүшелерін ауыстыруды талап етіп отыр.

"Жағдайы жоқ, халі мүшкіл адамдарға береміз деп айтады. Ол адамдар үміттеніп, арыз жазып жатыр. Бірақ оларға үй мүлдем берілмейді. Осы үшін "Ақжүніс" қорының төрайымын ауыстырғанын қалаймыз. Комиссия мүшелерінің құрамына қарапайым халықтан екі адамның кіргізгенін сұраймыз", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Жаңыл АЙБОЛАТОВА.

Басы дауға қалған "Ақжүніс" аналар қоры 2019 жылы ақпанында үй өрті кезінде қаза болған бес баланың қайғысынан кейін құрылған болатын. Жетекшісі Естаеваның сөзінше, комиссия мүшелерінің құрамында да қарапайым әйелдер бар. Олар қазір үй бергенде көпбалалы отбасыларға басымдық беріліп жатқанын айтады.

"Неге біз көпбалалы аналарға басымдық жасап жатырмыз. Өйткені 7-8 баласы бар аналарға пәтер жалдау қиын. Оларды қожайындары қабылдамайды, балалары шулайды дейді. Мына жерде 9 баласы бар аналар келгенде, бір баласы барлар күте тұрса деймін", - дейді "Ақжүніс" ерікті аналар қоғамдық қорының жетекшісі Жанат ЕСТАЕВА.

Ал қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрбек Молдағынның айтуынша, жалғызбасты әрі бір-екі бала тәрбиелеп отырған әйелдерге заң бойынша баспана берілмейді.

"Қазір салынып жатқан жатақханалар аса мұқтаж адамдарға беріліп жатыр. Көпбалалы аналар бірінші кезекте алып жатыр. Бір-екі баласы бар адамдарға жатақханадан орын берілмейді, заң бойынша 1 адамға 18 шаршы метрден болуы керек. Бірақ беріліп жатқан жатақхана екі бөлмелі, сондықтан бұл баспана көпбалалыларға берілуде", - деді Тараз қалалық тұрғынүй қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрбек МОЛДАҒЫН.

Жағдайымыз тым нашар деген жандар, облыстан беріліп жатқан мына сынды тегін жатақханалардың оларға да үлестірілгенін қалайды. Бірақ жауаптылардың сөзінше, бұл талапты орындау әзірге мүмкін болмай отыр. Десе де, жергілікті арқарушы орган мен аналардың қоғамдық қоры аталған мәселені шешу үшін облыс әкіміне жүгінбек. Олар бір-екі баласы бар, мүгедек бала асырап отырған жалғызбасты, ең бастысы мұқтаж аналарға бір бөлмелі жатақхана салуды ұсынбақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: