Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағайда Ват-сап арқылы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 18:24 Pixabay
Полиция ұсталғандарға қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертті.

Полиция "Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам жеткізді" деген жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

29 қаңтарда Whats App-та белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырған науқастар келіп түскені туралы хабарлама таратты.

- Тексеру кезінде ақпарат расталмады, соған байланысты тәртіп сақшылары жалған ақпаратты таратушыларды анықтау үшін қажетті шараларды ұйымдастырды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қапшағай қалалық полиция бөліміне жеткізілген екі күдіктіні анықтап, ұстауға мүмкіндік туды. Екеуі де жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Тергеу барысында екі ересек адамды жалған ақпарат таратуға итермелеген жағдай анықталады, деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция ұсталғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 1-бөлігі, яғни "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертті.

- Қапшағай қаласының тергеушілеріне тергеу жүргізуге нұсқау берілді. Тергеу барысында күдіктілерге "келіп тұруға міндеттейтін" процедуралық мәжбүрлеу шаралары қабылданды, - дейді баспасөз қызметіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: