Өскеменде май зауыты өртенді

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 20:11 ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Өрт әзірге 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өскеменде май зауыты өртке оранды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қаңтарда сағат 11: 07-де Өскемен қаласының 101 шұғыл байланыс желісіне Степная көшесіндегі "МАЙ" АҚ күнбағыс майын шығаратын зауытта өрт болғаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру тобы оқиға орнына сағат 11: 15-те келіп жетіп, тасымал конвейері мен күнбағыс тұқымдары өртке оранғанына куә болды.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті жою үшін қажетті шараларды қабылдауда.

Yk-news.kz хабарлағандай, өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Тасымал конвейері, цехтың шатыры жанып жатыр. Оқиға орына қосымша көмек келді, 60 құтқарушы мен 19 техника техникасы өртті сөндіруге тырысып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: