Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 22:34 видеодан кадр
Жарақат алған экспедитор ауруханаға жеткізілді.

Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті ретінде ұсталған Талдықорған қаласының екі тұрғыны қазір қамауға алынды.

Қылмыс Талдықорғанда жасалды. 29 қаңтарда полицияға қаладағы сауда-саттықпен айналысатын компанияларының бірінің экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті. Белгісіз екі белгісіз адам оны пышақпен жаралап, шамамен 1 млн теңгені алып кеткен. Полиция бірнеше сағаттың ішінде күдіктілерді анықтап, ұстады.

- Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған екі күдікті қамауға алынды. Екеуі де 1987-88 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты. Қылмыс дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы, 2 бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған ақша табылып, тәркіленді және заттай дәлел ретінде танылып, заңды иесіне қайтарылды, - деді Талдықорған Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Тергеу барысында күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Пышақтан жарақат алған экспедитор ауруханаға түсті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы, 2 бөлігі (қарақшылық) мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В ТАЛДЫКОРГАНЕ ЗАДЕРЖАНЫ ПОДОЗРЕВАЕМЫЕ В ВООРУЖЕННОМ РАЗБОЙНОМ НАПАДЕНИИ НА ЭКСПЕДИТОРА В качестве подозреваемых в материалах уголовного расследования выступают двое жителей Талдыкоргана, задержанные и помещенные под стражу. Факт зарегистрирован в Талдыкоргане, где 29 января в полицию поступило сообщение о разбойном нападении на экспедитора одной из городских торговых компаний, которому двое неизвестных нанесли ножевое ранение и завладели наличностью на сумму около 1 миллиона тенге. Поднятые по тревоге полицейские в течение нескольких часов установили и задержали подозреваемых в тяжком преступлении. «В ходе организованных оперативно-розыскных мероприятий установлены и задержаны двое подозреваемых. Оба являются местными жителями, 1987-88 годов рождения, которые были доставлены в полицию города Талдыкоргана и помещены под стражу. По факту начато досудебное расследование, предусмотренное статьей 192 части 2 УК РК (Разбой). Похищенные деньги уже обнаружены, изъяты, признаны вещественным доказательством и возвращены законному владельцу» - сообщил начальник УП г.Талдыкоргана Аскар Нурсапа. В полиции дополнили, что в ходе расследования подозреваемые также будут проверены на причастность к другим преступлениям. Получивший ножевое ранение экспедитор госпитализирован в больницу. Указанная в казахстанском уголовном законодательстве ст. 192 ч. 2 (Разбой) предусматривает наказание в виде лишения свободы на срок от пяти до десяти лет с конфискацией имущества.

Публикация от ???????? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: