Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда қардың қарайып кетуіне байланысты арнайы комиссия құрылды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2020 16:00 24.kz
Бұған климаттық жағдай мен жел бағытының өзгеруі де кері әсер етіп отыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаладағы зиянды қалдықтардың 77 пайызы "АрселорМитталТеміртау" компаниясына тиесілі, деп хабарлайды "Хабар-24".

Теміртаудағы қара қар туралы әңгіме алғаш рет осыдан екі жыл бұрын қозғалған болатын. 2018 жылы алынған сынаманың қорытындысы зиянды қалдықтардың ауаға шамадан тыс таралғанын анықтап берген еді. Бірақ сарапшылар бұл құбылысқа қай кәсіпорынның кінәлі екенін дөп басып айтып бере алмады. Іле-шала қаланы экологиялық тұрғыдан сауықтыру жұмыстары қолға алынған. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, оны жүзеге асыру үшін біршама уақыт керек. Бұған климаттық жағдай мен жел бағытының өзгеруі де кері әсер етіп отыр.

Екатерина Оборина, эколог:

- Бүгін мамандар Теміртауға барып, сынама алып қайтты. Бірнеше күннен кейін қорытындысы белгілі болады. Қар құрамында қандай зиянды заттардың бар екені және қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорын да сол кезде анықталады деген сенімдеміз.

Дмитрий Калмыков, "Қарағанды облыстық экологиялық музейінің" даму бойынша директоры:

- Бұл негізінен электр энергиясы өндірісінде қолданылатын жанғыш заттар. Атап айтсақ, оксидтер мен металдар. Олар адам ағзасына зиян келтіреді. Сондықтан мемлекет кәсіпорындардан өндіріс қалдықтарын төмендетуді талап етіп, осы бағытта арнайы жоспар құруды міндеттеуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: