Балқаштағы төтенше жағдайдан кейін арнайы комиссия құрылды

Балқаш, көпқабатты үй, төтенше жағдай, арнайы комиссия, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 10:51 Сурет: видеодан скриншот
Балқаш қаласында 2023 жылғы 5 маусымда кешкі уақытта қатты жел көпқабатты үйлердің бірінің шатырын құлатты, салдарынан бір адам зардап шекті. Қала әкімінің орынбасары Руслан Сыздықов үйіндіні шығару жұмыстары аяқталып қалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, шатыр жауып тастаған жолды ашу жұмыстары сегіз сағаттың ішінде аяқталды. Бұл жұмысқа Төтенше жағдайлар министрлігінен, Ішкі істер министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан, коммуналдық және жол қызметінен барлығы 153 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

"Қала әкімдігі төтенше жағдайға атсалысқандардың барлығына алғысын білдіреді! Барлық зардап шеккендер бойынша қала әкімінің өкімімен тиісті комиссия құрылып, акт жасалады" – деді Руслан Сыздықов.

6 маусымқа қараған түні Балқаш қаласында соққан қатты дауыл Қараменде би көшесіндегі бес қабатты үйдің шатырын құлатқан. Салдарынан екі көлік құлаған шатырдың астында қалды. Жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: