Нұр-Сұлтанда 70 жастағы жүргізуші баланы қағып, ізін суытқан
edds.kgo66.ru
Іздеу шаралары кезінде күдікті ұсталды.
Instagram-дағы astanovka98 парақшасында Нұр-Сұлтанда баланы көлік басып кеткен видео жарияланды. Кішкентай қыз төбешіктен сырғанып, тура жол үстіне қарай ылдилап көліктің астына түсті. Ал баланың аяғын басып өткен көлік тоқтамастан кете барды. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін zakon.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, білді.
Департаменттің хабарлауынша, апат 2020 жылы 3 ақпанда сағат 14:45 уақытында орын алған. Renault көлігін тізгіндеген белгісіз жүргізуші Е-10 көшесіндегі аулада жасөспірімді қағып кетті.
Апат салдарынан жарақат алған 6 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кәмелетке толмаған бала үйіне жіберілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері Renault автокөлігінің 70 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабы, 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Эльмира Шәуленова.
Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, жол ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript