Павлодарда жалақысын ала алмаған жұмысшы тамырын кесіп жіберді
Павлодарда жалақысын ала алмаған жұмысшы тамырын кесіп жіберді, деп хабарлайды zakon.kz pavlodartoday.com сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Қамзин көшесінде салынып жатқан көп қабатты ғимараттың жанында болған. Әріптесін қолдау үшін тағы да оншақты сылақшы да көшеге шыққан. Олар жұмыс берушісі орташа есеппен әрқайсысына 200 мың теңге қарыз екенін айтты.
Осылай деген жұмысшы Қамзина, 41/1 мекен-жайындағы тұрғын- үйдің барлық тұрғындарының үрейін алды. Полиция, еңбек инспекторлары мен прокурорлар да оқиға орнына жетті. Ер адам өзіне тиесілі жалақыны төлеуді талап етті, "әйтпесе тамырымды кесемін, тіпті шатырдан секіремін" деп қорқытты.
Өз басым, мамыр-маусым айларында бес подъездің кафелін төседім. Қазіргі уақытта маған 200 мың қарыз олар. Иә, біз қосалқы мердігер компания арқылы жұмыс істедік, бірақ олар бізге тиесілі ақшаны бермеді. Әр жұмысшының 200 мыңы төленбей "ауада" тұр, - дейді ол.
Өзін өлтіремін деп қорқытқан ер адамның бұл айтқандарын өзгелер де қолдады. Бәрі бірауыздан өздерінің ақшаларын өткен жылдан бері ала алмай жүргендерін айтты. Әзірге олар тек уәде беріп, уақытты өткізіп келеді екен. Осы үйде ғана емес, олар Иса Байзақов көшесіндегі тағы бір ғимаратта сылақ жұмыстарын жүргізген. Ақыры ашулы ер-азаматтар полицияны тыңдап, еңбек басқармасына еріп барды.
Келіссөздер барысында олардың қолындағы еңбек келісімшарттары, яғни еңбек қатынастарына жатпайтын құжат екендігі белгілі болды. "Алем-ПВЛ" ЖШС фирмасымен мердігерлік шарт. Сөйтіп оларға сотқа арыздануға ұсыныс айтылды, сонымен қатар біздің инспекторлар сотқа арыз жазуға көмектесті, сөйтіп оны сотқа апарып тапсыруға кеңес берді, - деді Павлодар облысы еңбек басқармасының бастығы Асқар Қапанов.
Еңбек басқармасындағылар жұмысшылардың өздері әзірге қанша қарыз жалақысының нақты мөлшерін атай алмайтындығын да айтты.
Ауызша келісіп жұмыс жасаған. Болжаммен қарыздары – 1 миллион теңгеден асады. Айтқандай, инспекторлар мердігер компаниямен де келіссөз жүргізді. Олар мәселені шешуге уәде берді.
Кейін белгілі болғандай, шарасыз ер адам үміті үзіліп, өз-өзіне қол салған. Жұмысшы павлодарлық компанияның кеңсесі ішінде тамырын кесіп тастады. Дәрігерлер мен полиция шақырылды. Жәбірленуші аман, бірақ көп қан жоғалтқан.