Түркменстанда бір адам коронавирустан көз жұмды
Түрікменстанда Лебап уәлаятында Қытайдан эвакуацияланған түрікмен азаматтарына арналған лагерь аумағында бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық asia.media-ға сілтеме жасап.
Марқұм туралы мәліметтер қатаң түрде құпия ұсталуда. Тек марқұмның Қытайдағы университеттердің бірінде оқыған жас жігіт екені белгілі. Оның денесі кремацияланды.
Марый уәлаятында орта жастағы тұрғынының тағы бірінде "бұрын белгісіз вирустық инфекцияның белгілері" табылған. Ол Лебап уәлаятындағы карантиндік лагерьде ауыр халде жатыр.
Тurkmen.news алдында 30 қаңтардан бастап Бейжіңнен Ашхабадқа шығуы тиіс барлық ұшақтар Түркіменабадқа келіп қонып жатқанын хабарлаған. Сол күні Түркіменстан Өзбекстанмен шекараны жауып тастады. Коронавирустың өршуіне байланысты Бангкокқа рейстер тоқтатылды.