Жаңалықтар тізбегі
0

Қарасай ауданының әкімдігі 22 баласы бар отбасыға баспана ұсынды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2020 17:43 видеодан алынды
Сонымен қатар, басқа да кәсіпкерлер Шумаевтар отбасына азық-түлік пен киім-кешек жинап жатыр. Аудан әкімдігі атап өткендей, бұл мәселе бақылауға алынған.

10 ақпанда, кешке Қарасай ауданында танымал волонтер Зарина Шумаеваның үйінің шатыры өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер отты ауыздықтады, қаза болып, зардап шеккендер жоқ. Зарина Шумаева азаматтық белсенді ретінде қоғамда танымал. Ол күйеуі екеуі 22 бала тәрбиелеп отыр. Төтенше оқиғаны ескере отырып, Қарасай ауданының әкімдігі өрттен зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеше қонақүйден бөлме ұсынылды, бірақ олар одан бас тартып, көршілерінің үйін паналап қалды. Бүгін біз меценаттардың қолдауымен көпбалалы отбасыны уақытша баспанамен қамтамасыз етеміз. Үй кем дегенде 150-180 шаршы метрді құрайды. Осындай екі жағдайды қарастырдық. Бірақ, бұл - уақытша шешімдер. Біз осыны ескере отырып, отбасын тұрақты баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ауданның меценаттары оларға үлкен үй сатып алуға дайын екендіктерін жеткізді, - деді Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Сонымен қатар, басқа да кәсіпкерлер Шумаевтар отбасына азық-түлік пен киім-кешек жинап жатыр. Аудан әкімдігі атап өткендей, бұл мәселе бақылауға алынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: