Елордалық Louis Vuitton-ның 1,2 млн теңге тұратын сөмкесінен айырылып қала жаздады
видеодан алынды
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай көлік ішіндегі заттарды тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Елорда тұрғыны полицияға өзінің көлігінің ішінен заттар ұрлағанын айтып, шағым түсірді. Жәбірленушінің айтуынша, Lexus RX 300 көлігінің әйнегі сынған және оның ішінен Louis Vuitton ерлер сөмкесі мен 50 мың теңгесі бар әмияны, құжаттар мен жеке заттары жоғалған. Келтірілген шығын көлемі 1 207 000 теңгені құрады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы аудандық полиция департаментінің ізкесушілері бірнеше сағаттан соң күдіктіні іздеп, оны тұрғылықты жерінен ұстады. Тергеу барысында ұсталған азамат көлік тұрағы маңында тұрғанда қасына әкеліп қойылған Lexus жүргізушісі оның ішіне сөмкесі мен заттарын тастап кеткенін байқап қалғаны анықталды. Көлік иесінің кеткенін күткен ол артқы есіктің терезесін сындырып, ондағы заттарды ұрлап, қылмыс орнынан ізін суытқан, деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, яғни "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript