Жаңалықтар тізбегі
0

Абайда жасөспірімді үнемі зорлап келген бұрынғы полиция қызметкері ақыры сотталды

bash.news, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2020 16:56 bash.news
Ол баланың өмірін күл-талқан етті - адвокат.

Абай ауылында жасөспірімді үш жыл бойы зорлаған бұрынғы полиция қызметкері 15 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Түркістан облысында 16 жастағы жасөспірімді зорлап келген бұрынғы полиция қызметкері - Сейітжапаров Сәкенге үкім шықты. Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді (судья Қалмағамбетов Қасым)", - деп жазды ол.

Прокурор 11 жыл сұрады. Бірақ оған 15 жыл берілді. Өз басым, ондай адамға 15 жыл да жеткіліксіз деп санаймын. Ол баланың өмірін күл-талқан етті, - деді ол.

Оның айтуынша, Түркістан облысында қандай да бір заңды орнату өте қиын.

2013 жылдан бастап полицей С. жасөспірімді зорлап жүрген, оған қоса, егер бұл жайтты біреуге айтсаң, онда интимдік сипаттағы фотосуреттер мен видеоны желіге салып жіберемін деп қорқытқан. Онысымен қоймай ол баладан мезгіл-мезгіл ақша бопсалап отырған, - деді Айман Омарова.

Соңғы алты жыл ішінде осы зорлау ісі бірнеше рет көтерілді, бірақ дәлелдемелер жеткіліксіз деген желеумен әр кез оны орта жолдан жауып тастап отырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: