Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да республикалық маңызы бар 4 автожол жабық

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2020 20:59 Polisia.kz
Республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде тіркемесі бар жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысы үшін шектеу қойылды:

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар апатты жағдайдан құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

"Облыста 19 ақпанда түстен кейін қатты түтек боран басталып кетті. Құтқарушылар тұрғындарға елді-мекеннен тыс алысқа шықпауды ескертті. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Барлығы 16 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылып, жолдар жабылды. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар 4 автожол жабық: "Өскемен- Шемонаиха-РФ" шекарасы (105-123 км., Шемонаиха – РФ шекарасы), "Семей-Қайнар" (8-266 км, Семей қ.-Қайнар а.), "Қарағанды-Аягөз-Боғас" (707-941 км Аягөз қ.-Боғас бұрылысы), "Омбы-Майқапшағай" (915-1087 км, Қалбатау а.-Боғас бұрылысы)", делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде тіркемесі бар жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысы үшін шектеу қойылды: "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" (35-102 км – Предгорное ауылынан – Шемонаиха қ. дейін) және "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" (15-105 км – Белоусовка а. – Риддер қ. дейін).

Сондай-ақ облыстық маңызы бар 4 автожол жабық: "Дмитриевка- Бородулиха-Шемонаиха" (0-87 км), "Бородулиха-Жезкент" (0-49 км), "Шар- Бақыршық-Борсақ" (0-72 км), "Шемонаиха-Секисовка" ( 0-54 км).

"Құтқарушыларға екі жол учаскесінен көмек сұрады.Көкпекті ауданында, Омск-Майқапшағай республикалық маңызы бар тас жолдағы 967 шақырымдағы Байбура учаскесінде, ол Көкпектіден 30 шақырым жерде қар құрсауында бір көлік қалып қойған. Қызметкерлер КУНГ көлігімен қар басқан орынға шықты. Жолда сынып қалған көлікті көріп, жөндеуге көмектесіп және оны Көкпекті ауылына дейін алып келді. "Семей-Қайнар" республикалық маңызы бар жолдағы Семей қаласынан 45 шақырымдағы 37 шақырымдық учаскеде 11-ӨСБ күшімен қар құрсауынан бір жеңіл көлік шығарылды. Үш адамды КУНГпен эвакуациялап, ал көлікті Семей қаласына дейін ертіп апарды. Құтқарушыларға Жарма ауданындағы бақташыны іздеуге көмектесу туралы хабар түсті. Ол қыстағынан малды айдап әкелуге шығып, қайта оралмаған. Іздеуге Семей қалалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен жергілікт атқарушы органның мамандары, полиция мен тұрғындар шықты. 4.30-да мал табылып, 9.50-де бақташы да табылды", делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: