Жаңалықтар тізбегі
0

Қазығұртта оқушы мектептің алдында жұмбақ жағдайда көз жұмды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 15:42 Pixabay
Әуелде "Бейбарысты құрдасы итеріп қалып, содан құлап өлді" деген полиция, енді алғашқы жауабынан айнып, "кінәлілер әзірге анықталған жоқ" деп отыр.

Қазығұрт ауылындағы мектеп-лицейдің 8-ші сынып оқушысы Бейбарыс Нұралы мектеп ауласынан ес-түссіз күйде табылған. Аудандық білім бөлімі ауруханаға жетпей көз жұмған баланың ажалы өзінен болғанына сенімді. "Денсаулығы сыр беріп, өзі құлауы да мүмкін" дегенімен, полиция "абайсызда кісі өлтіру" бабымен тергеуді бастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сыныпта екі күннен бері маза жоқ. Сыныптастары сегіз жыл бойы бірге оқыған Бейбарыс Нұралының жоқ екеніне әлі сене алмай жүр. Партасы бос тұр. Сейсенбі күні соңғы сабақ – дене шынықтыру пәнінен шыққан Бейбарыс үйіне жете алмаған.

- Мен келген кезде оның басы мына жақт, аяғы ар жақта болған. Мойны жібермей тартылып қалған болатын.

Мұғалімдер сұлық жатқан баланы дереу аудандық ауруханаға жеткізгенімен, 14 жасар Бейбарыс тілге келмей көз жұмады. Мектептің бірнеше жеріне қойылған камераға Бейбарыстың құлаған жері түспей қалыпты. Дегенмен өз тексерісін жүргізген білім бөлімі баланың соңғы сабақта бозарып отырғанын және сол күні мектеп ішінде сыныптасымен шекісіп қалғанын анықтаған.

Асан Үйсінбаев, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Зерделеу барысында мектептегі бейнебақылауда ішкі істер бөлімі байқаған кезде, ол баланың Асанов Рамазан деген оқушымен, яғни өзінің сыныптасымен арасында кикілжің болғаны анықталды.

Тексеріс енді басталды десе де, білім бөлімі балалардың жабылып соққанын жоққа шығарады. Оқуда жүріп талып қалғанын мектептен емес, көшедегі біреулерден естіген Бейбарыстың әкесі, оған сыныптастары жабылғанын айтып, мектеп басшылығы абыройын төкпес үшін жылы жауып отырғанына сенімді.

Ғабиден Батырханов, марқұмның әкесі:

- Сынып оқушылары "Бейбарысты теуіп жатқанын көрдім" дейді бір бала. "Бес бала" дейді. "Кейін ол талып қалды" - дейді. Балам талған жоқ, сол кезде кетіп қалған. Жанды жеріне тиген де...

- Жабылған кімдер екен?

- Сыныптастары.

"Анам екеуіңізді асыраймын. Менде мал болады, қора болады" деген еді. Арманы сол еді, арманымен кетті.

Ал әуелде "Бейбарысты құрдасы итеріп қалып, содан құлап өлді" деген полиция, енді алғашқы жауабынан айнып, "кінәлілер әзірге анықталған жоқ" деп отыр.

Арман Ақшораев, Қазығұрт аудандық ПБ бастығы:

- ҚР ҚК 104-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Абайсызда адам өлтіру. Баланың өлімінің нақты себебі тек сараптама қортындысынан кейін айтылады. Оны жарты айдай күту керек.

Ал мектепке кетіп, мүрдесі мәйітханадан бір-ақ шыққан Бейбарыстың жақындары оқушылардан "өзге мектеп басшылығы да жауапқа тартылсын" дейді. Кінәлілер жауаптан "құтылып кете ме?" деп қауіптенген марқұмның жақындары істі прокуратура бақылауға алғанын қалайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: