Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-дағы ауылда жаңа туған баланың мәйіті табылды

flashnord.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 22:02 flashnord.com
Анасына іс қозғалды.

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ПБ аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу-жедел тобы аталған фактіні тексеру үшін жіберілді.

Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын салынған пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйітін тапты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы “Жаңа туған баланы анасының өлтіруі” бойынша тіркелген.

Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қайтыс болу себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: