Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда ШҚО әкімінің әпкесін ұрлау ісіне қатысты сот отырысы өтті

pvl.sud.kz pvl.sud.kz
Сот отырысы 5 наурызға шегерілді.

Павлодарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әпкесі Гүлфаз Аубанованы ұрлау ісі бойынша сот өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар облысының сотында Асқат Тезекбаев пен Игорь Миловановтың үстінен қозғалған іс бойынша сот өтті. Оларға "Адам ұрлау", "Қылмысқа әрекет жасау" және "Аса ірі көлемде ақша бопсалау" баптары бойынша айып тағылуда.

Айыпталушылардың бірі - ЖШС директоры, екіншісі - оның қызметкері екені белгілі. Тергеушілердің айтуынша, олар Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің әпкесі Гүлфаз Аубанованы ақша бопсалау үшін ұрлап әкету туралы шешім қабылдаған.

Бұл іс бойынша сот ісін қарау қаңтарда басталған. Прокурорға жаңа айыптау қорытындысын шығаруға және жарыссөзге дайындалуға уақыт қажет болғандықтан отырыс 5 наурызға ауыстырылды, делінеді хабарламада.

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлфаз Аубанованы ұрлап әкетпек болғаны белгілі болды. Оқиға Павлодарда болған. Олар әйелді көлікке күштеп отырғызуға тырысқан, бірақ, абырой болғанда ол қаскөйлердің қолынан сытылып шыққан.

Аубанова Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, "Данел" медициналық мекемесінің бас дәрігері және директоры, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Соңғы лауазымы - Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы.

Жәбірленушінің ағасы Даниал Ахметов бұған дейін екі рет Павлодар облысының әкімі болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: