Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-ны аралап жүрген ресейлік алаяқ-емші елден қуылды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2020 16:54 Ашық дерекөздерден алынды
Бейтаныс әйел ауыл тұрғындарының үйіне барып, көріпкел ретінде өзін таныстырған.

Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден келген алаяқ-көріпкел ұсталып, оны елден шығарып жіберу туралы сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Мамлют ауданындағы әріптестерімен бірлесіп 81 жастағы ауыл тұрғынының алдануына қатысты алаяқтықты анықтады.

Бейтаныс әйел ауыл тұрғындарының үйіне барып, көріпкел ретінде өзін таныстырған. Бір зейнеткердің 400 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Облыс ауылдарын аралап жүрген алаяқ емші, оқиға орнынан тез ізін суытып отырған. Сол себепті облыс бойынша оған іздеу жарияланып, нұсқаулық берілді. Алаяқ әйел ақыры Мамлют ауданында ұсталды. Күдікті 1983 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды өтеп, зейнеткерден кешірім беруін өтінген. Тергеу барысында шетелдіктің әр үйге кіріп тұрғындарға әртүрлі сылтаулар айтқаны белгілі болды. Біріне көріпкелмін деп таныстырып, біріне әртүрлі ұсыныстар білдіріп, алдаған. Көші-қон қызметі оның әрекетін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша “Қоғамдық орындарда тиісу” деп бағалады. Осы баптың 3-бөлігі шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады. Бүгін көріпкелді ҚР-нан шығарып жіберу туралы үкім шығарылды, - дейді Айыртау ПБ бастығының орынбасары Григорий Лукьяненко.

Жыл басынан бері СҚО-да 178 алаяқтық тіркелген. Осы түрдегі 110 қылмыс ашылды, оның бір бөлігі өндірісте.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: