Семей теміржол стансасының бастығы коронавируспен ауырмаған
Алтайньюс
Әлеуметтік желі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Семей теміржол вокзалының бастығы коронавирустық инфекция жұқтырды деп тараған ақпарат жалған.
Семей қаласының теміржол вокзалының бастығы коронавирус жұқтырды деген ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Семей медициналық университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, COVID 2019 профилактикасы жөніндегі қалалық және облыстық штабтың мүшесі Имдат Ефендиев қазіргі уақытта Семейде коронавирустық инфекциялар тіркелмегенін хабарлады.
Әлеуметтік желі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Семей теміржол вокзалының бастығы коронавирустық инфекция жұқтырды деп тараған ақпарат жалған. Вокзал бастығы А.Б. Мамбетов сап-сау, қазір ол жұмыс орнында, - деді Ефендиев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript