ШҚО-да "шөпті" бокс тұлыбына тығып әкелген есірткі сатушылар ұсталды
Семей қаласында полиция қызметкерлері ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей қ. ПБ-де облыс аумағына есірткі заттарын өткізумен байланысты қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені өткізілді.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Семей қаласына есірткі заттарын заңсыз жеткізу және өткізуді жүзеге асыратын қылмыстық істің фигуранттарын анықтап, ұстады.
Тергеу барысында ағымдағы жылдың наурыз айының басында үш сыбайластар бірге өткізуге арналған есірткі заттарының ірі мөлшерін алғаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер Семей қаласынан шығарда есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдауда 27 жастағы күдікті ретінде ұстады, оған шұғыл тінту жүргізу барысында машинасының жүксалғышынан бокс тұлыбы табылды, оның ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заттек болған.
Жүргізілген сараптама тәркіленіп алынған заттектің салмағы 44 кг-ден астам "кептірілген марихуана" есірткі заты болып табылатынын көрсетті.
Сол күні Семей қаласында 28 жастағы күдікті ер адам ұсталып, оның машинасын тінту барысында 555 мөлшерлеме (2,7 кг-ден астам) есірткі заты табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта 1989, 1991 және 1992 жылдары туған күдіктінің үшеуі де ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары есірткі заттарын жеткізу көзін анықтауда.
ҚР ҚК-нің 297-бабы – Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды.