Алматы полициясы коронавирусқа шалдыққан науқастың үстінен шағымданды
СҚО ІІД баспасөз қызметі
Әйел адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алматы қалалық полиция департаменті короновирусқа шалдыққан бір науқастың санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, коронавирус белгілері анықталған азамат Б. өзімен байланыста болған азаматтар туралы мәліметтерді беруден қасақана бас тартқан.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада, бұл әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша жауапқа тартылды.
Алматы қаласының полициясы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды қалалық қызметтерге короновирустық инфекцияны анықтау және алдын-алу бойынша барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript