Жаңалықтар тізбегі
0

"Жіберіңдер деймін". Алматыда мас ер адам блок-бекетті бұзып өтпек болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 23:44 zakon.kz
Бұл оқиға бүгін – 2020 жылы 19 наурызда 71-ші разъезд аумағында болған.

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінен мас адам өтіп кетпек болған, бірақ оны полиция қызметкерлері жабыла ұстап қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыдан шыға берісте орнатылған бақылау-өткізу бекетінен өтіп кетпек болған ер адамды полиция қызметкерлері ұстап алған видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрда оның полицияға барынша қарсылық көрсетіп жатқаны көрінеді, бірақ олар оны сүйреп әкеліп, патрульдік көлікке отырғызады.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін – 2020 жылы 19 наурызда 71-ші разъезд аумағында болған.

Қоршаудан секіріп өтпек болған ер адамның мас екені белгілі болды. Оны полиция қызметкерлері ұстап алған. Қаланың периметрі айналасында орналасқан басқа жол тосқауылдарында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Жалпы, жағдай қаншалықты қиын болса да, салыстырмалы түрде бәрі тыныш.

Еске салсақ, 19 наурыздан бастап Алматыда карантин енгізілді, ондағы мақсат коронавирустың таралу тізбегін жою болып табылады. Карантиндік шараларға Алматыдан кіруге және одан шығуға шектеулер енгізілді. Қала шекарасына арнайы күзет, полиция, Ұлттық ұланның қызметкерлері кезекшілікпен 27 жол тосқауылында жұмыс істеп жатыр.

Қалаға қажетті тауарларды кіргізуге арнайы жасыл дәліз қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: