Жекеменшік ұшаққа байланысты Нұр-Сұлтандағы сот төрағасын тексеріп жатыр
diapazon.kz
Жекеменшік ұшақты құдасы жалға алған.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздігімен бірге БАҚ беттеріндегі ақпаратқа сәйкес Нұр-Сұлтандағы сот төрағасы Барпибаев Тілектеске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Тексеру кезінде Т.Е. Барпибаев кәсіпкер туысы (құдасы) жалға алған жекеменшік ұшақпен медициналық ота жасатуға Германияға аттанғаны белгілі болды, деп хабарлайды агенттік.
Барпибаевтың сот этикасын сақтау мәселесін Жоғарғы Соттың комиссиясы тексереді, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript