Жаңалықтар тізбегі
0

80 жылқы ұрлаған барымташы-малшы құрықталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2020 22:13 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
"Дәніккенен құныққан жаман" демекші, соңғы ретте қалған қырық жылқыны үйірімен айдап кеткен.

Бір апта бұрын Жамбыл ауданының полициясына 38 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі шаруа қожалығынан 80 жылқының қолды болғанын және 40 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келгеніне арызданған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында күдікке ілінген екі азамат ұсталды. Оның бірі – 29 жастағы Өзбекстан азаматы. Ол зардап шегушінің шаруа қожалығында малшы болып жұмыс жасаған. Екінші күдікті Жамбыл ауданы Көкдала ауылының 39 жастағы тұрғыны, көршісінің адал малына арамдық жасап, қол салған жақын маңдағы өзге шаруа қожалығының иесі болып шыққан.

Күдіктілер бұлтартпас айғақтардың арқасында осы қылмысқа қатысы барын мойындады. Тәртіп сақшылары қолды болған малды іздестіру барысында 36 жылқыны тауып, заңды иесіне қайтарды. Қалған жылқының сойылып кеткені анықталды. Тергеу барысында күдіктілер шаруа қожалығынан жылқыларды ұзақ уақыт бойы ұрлап келгені және мал иесінің полицияға арызданбағанын оңтайлы пайдаланғаны белгілі болды.

Барымташылар әуел баста 2-3 жылқыдан, кейде 5 басты ұрлаған. "Дәніккенен құныққан жаман" демекші, соңғы ретте қалған қырық жылқыны үйірімен айдап кеткен. Қолды болған малды жақын елдімекендегі мал базарында меншікті малы ретінде саудалаған. Олар жалпы саны 80 жылқы сатса, оның 35 құлынды бие болған. Оңай жолмен табылған қаржыны өз қажеттеріне жаратқан.

Екі күдікті Жамбыл ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнаманың 188-1-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: