Жаңалықтар тізбегі
0

"Бентли" мініп, блок-бекетті басынған кім екені анықталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2020 18:23 polisia.kz
Қымбат "Бентлимен" байып алған Х. есімді біреу жүр.

Полицияның тосқауыл-бекетін елемеген "Бентли" маркалы автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдай режимін бұзу дерегі бойынша 1985 жылғы Х. есімді "Бентли" маркалы автокөлігінің жүргізушісі және 1990 жылғы К. есімді оның жолаушысы анықталды. Олар осы оқиғадан кейін , ҚР ӘҚБК-ның 476-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті.

Айта кететін жайт, азаматтар өздерінің бұл әрекеттерін әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл бейнежазба құқық бұзушылардың кінәсінің толық дәлелі болып табылады.

Іс жүзінде шешім қабылдау үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: