Жаңалықтар тізбегі
0

BMW мініп келген мас ару блок-бекетті алып тастауды талап етті

Seldon.News, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 01:55 Seldon.News
Леңгір қаласының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Түркістан облысының тұрғыны мас боп көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының ақпаратынша, Төлеби АПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысына енгізілген карантинге байланысты Леңгір қаласында орналасқан блок-бекетке "BMW" автокөлігі келіп тоқтайды. Жүргізуші қыз, полиция қызметкерлерінен жолдың қоршауын алып тастауды талап етеді. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші, Леңгір қаласының тұрғыны мас халде болуы мүмкін деп күдіктенеді. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелден көліктен шығуын сұрайды, алайда ол заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды.

Полицейлер жүргізушіні ұстады және облыстық наркологиялық диспансерге медициналық куәландыру үшін жеткізді. Қорытындыға сәйкес әйелдің “орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде” болғаны анықталды. Ал автокөлікті полицейлер айыптұрағына қойды.

Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, олар: “Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер” және 608-бап (жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру).

Нәтижесінде, 28 cәуірде Төлеби аудандық сотының шешімімен Леңгір қаласының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді. Жылдамдықты арттыруға, маневр жасау ережелерін бұзуға, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуға болмайды, себебі бұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы және сіздің өміріңіз бен жолаушылардың өміріне қауіпті болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: