Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда блок-бекеттен өткізу үшін пара алған аудан әкімдігі қызметкерлері сотталып тынды

acca.media, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 21:04 acca.media
Олар мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, бюджетке бірнеше миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Төтенше жағдай кезінде адамдарды блок-бекеттен заңсыз өткізген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылы 13-14 мамырда Алматы қаласы № 2 Жетісу аудандық сотының аудандық сотында Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары Қ.Е. Әденов пен С.С. Оразовқа қатысты айыптау үкімі шықты. Олар бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, тиісінше 4 777 500 теңге және 13 300 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот олардың мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды. Сонымен қатар, сот пара алуға делдалдық жасағаны үшін В.И. Урджурды кінәлі деп тауып, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді, деп хабарлады Жетісу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұрын хабарланғандай, сотталғандар төтенше жағдай жарияланып, карантин бекітілгеніне қарамастан Жетісу ауданындағы блок-бекеттен кезекшілік кезінде делдал арқылы бірнеше рет Алматы тұрғындарынан кедергісіз өткізу үшін пара алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: