Ақмола облысында сарбаз өз-өзін атып өлтірді

glavny.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2020 18:11 glavny.tv
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ішкі тергеу тағайындалды.

Степногорскіде №3517 әскери бөлімінің әскери сарбазы өз-өзін басынан атқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 22 сәуірде сағат 07:30 шамасында №3517 әскери бөлімінің (Степногорск қ.) қатардағы әскери сарбазы Б.А. Рашев түзеу мекемесін күзетіп жүргенде қолындағы қарумен өз-өзін басынан жарақаттап, көз жұмды, - дейді ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіндегілер.

Әскери сарбаз қайтыс болғаннан кейін бұл туралы Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасына хабарланды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы ішкі тергеуді тағайындап, "Орталық" өңірлік қолбасшысы басқаратын жұмыс тобы оқиға орнына жіберілді.

Ішкі тергеу нәтижелері кейін жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: