Таразда уақытша стационардан қашпақ болған ер адам биіктен жерге құлап, мерт болды
YouTube
Одан алынған COVID-19 талдауы теріс нәтиже берді.
Таразда ер адам аурухананың екінші қабаттағы терезесінен құлап, қайтыс болды. Марқұм бұрын бірнеше рет сотты болған, 2013 жылдан 2015 жылға дейін созылмалы алкоголизм диагнозымен тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.
22 сәуірде Тараз қалалық полиция басқармасы ОБО-ға уақытша стационардан әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан бір науқас құлап, есін жимастан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Одан алынған COVID-19 талдауы теріс нәтиже берді.
Ауруханадан қашып кетуге тырысқан 42 жастағы ер адам өзін агрессивті ұстап, екінші қабаттың терезесінен жақтауға шыққанда жерге құлап кеткен.
Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript