Білім министрі де коронавирус жұқтыру күдігіне ілінді
zakon.kz
Одан алынған тест теріс нәтиже көрсеткен.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Министр COVID-19 індетіне тест тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты. Асхат Қанатұлының жағдайы қазір жақсы, алайда, бекітілген ережелерге сәйкес, ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, белгілі бір уақыттан кейін, хаттамаға сәйкес, ол тестіні қайта тапсырады. Жұмыс кестеге сәйкес бейнеконференция режимінде жалғасады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, алдында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. 12 маусымда ол Премьер-министр Асқар Маминмен бірге жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Делегация құрамындағы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та коронавирусқа тексеріліп, диагноз расталмады. Екі шенді де оқшауланып, қашықтықтан жұмыс істеуге көшті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript