"Біреуі әйел адам...". Қарағандыда үш дүкенді тонағандар видеоға түсіп қалған
Қарағандыда түнделетіп дүкендерге қырғидай тиген ұрылар тобы іздестіріліп жатыр. Баукеспелер айналасы 40 минуттың ішінде азық-түлік сататын үш дүкенге түсіп үлгерген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ұрылардың алғашқы жорығы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Желі қолданушылары екеудің бірі әйел адамға ұқсайтынын жарыса жазып жатыр. Бетперде кигендер дүкеннің есігін бұзып кірген бойда касса аппаратына бас салады. Алайда жұмыс уақыты аяқталған дүкен кассасында көк тиын ақша болмапты. Оған қанағаттанбаған жұп кейін тағы екі дүкенге бас сұғыпты. Бірақ олардан да алғаны көп болмаған. Дегенмен келтірілген жалпы шығын есептеліп жатыр.
Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Ұрлық фактілері бойынша полицияда тіркелді. Бүгінгі таңда іздестіру іс шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа да ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды.