Көзі мен бетін тіліп түскен. Түркістан облысында күйеуі балталаған әйелдің жағдайы ауыр
Түркістан облысында күйеуі әйеліне балта сілтеген. Балтаның жүзі әйелдің бетін осып жіберген, деп хабарлайды zakon.kz.
46 жастағы әйел өзін күйеуі мерттіктіргенін айтады. Бірнеше апта бұрын ол балаларды алып, төркініне кетуге шешім қабылдайды. Оның сөзіне қарағанда, әйел күйеуінен үнемі таяқ жейді. Әйел емханада медбике болып жұмыс істейді. Бірнеше күн бұрын жұмысқа бара жатқанда күйеуі оған балта ала жүгірген. Жақында зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы ауыр: қолына, басына және көзіне терең жаралар түсті, ол енді айналадағыны көре алмайды.
Мен жұмысқа бара жатқанымда күйеуім балтамен келіп, мені ұра бастады. Ол ештеңені тыңдағысы келмеді, мені өлтіремін деді. Біз 15 жыл бірге тұрдық, мен одан тек зорлық-зомбылықты көріп келемін. Мен оған: "маған жақындама" деп не болғанын сұрасам, ол тек: "Сені өлтіремін" дей берді. Содан кейін балтамен ұра бастады", - дейді жарақат алған Әлия Әйтімбетова.
Айқай-шуды естіген екі жігіт көмекке келген, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Әйел көп қан жоғалтты, ота жарты күнге созылды және ол күрделі болғандықтан, басқа облыстардан мамандарды тарту қажет болды. Әйелдің басының оң жағында тұтастай кесілген жара бар, бұл - ең үлкен жарақат. Сонымен қатар, оң иығы балталанған, саусағы сынған. Біз кесілген жараларды тігіп тастадық, - деді Келес аудандық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Рүстем Раисов.
Ерлі-зайыптылардың көршілері зардап шегушіні күйеуі үнемі ұрып-соғатынын, екі қызын да оңдырмайтынын айтады.
Ол бірнеше рет ажырасуға тырысқан, бірақ күйеуі қолына Құранды алып, оны енді ешқашан ұрмайтынын айтып, алып қалған. Бірақ онысы ұзаққа бармады, ол оны тағы ұра бастады, содан кейін ол мүлде кетті. Бірақ оның не істегенін көрдіңіздер ғой! Ол ешқашан жауапкершілікке тартылған емес, үнемі жалтарып келді, енді лайықты жазасын алуы керек, - дейді жәбірленушінің туысы.
Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.