Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облыстық ПД прокурор мен полицияның аудиожазбасына қатысты тергеуді бастады

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 21:56 Polisia.kz
Ол жұмысынан кетірмес үшін прокурордың көмегіне жүгінеді.

Маңғыстау облысының полициясы әлеуметтік желіде жарияланған аудио жазбаға байланысты ішкі тергеуді бастады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, аудиода полиция қызметкері мен облыс прокурорының арасындағы іңгіме тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 14 мамырда саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram каналында 21 минуттық аудио жазба пайда болды. Онда Ақтау қаласының полиция қызметкері мен Маңғыстау облысының прокуроры арасындағы әңгіме тіркелген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция қызметкерін қызметтен кетіргелі жатыр. Әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбиді. Ол жұмысынан кетірмес үшін прокурордың көмегіне жүгінеді. Ол оған ақшаға көмектесе алатын адамға жолықтыруға келіседі. Ал ол адам Маңғыстау облысындағы жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы көрінеді.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 14 мамырда, Еділовтың Telegram парақшасынан полиция қызметкері мен прокурордың көлік ішіндегі әңгімесінің дыбыстық жазбасы жарияланғаны анықталды. Аудио жазбаға сәйкес, Маңғыстау облысының полиция басқармасы қызметтік тергеуді бастады, деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Байқаңыз, видеода бейәдеп сөздер бар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: