Сотталғандарға қатысты күш қолдану дерегі: Ақмола облыстық прокуратурасы тергеуді бастады

Қылмыстық іс, Ақмола облысы, сотталғандар, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 00:40 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында сотталғандарға қатысты күш қолдану дерегі бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2023 жылғы 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданының №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолданғаны туралы бейнероликтер жарияланған. Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар). Осы күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырумен аталған мекемеге барды". Ақмола облысының прокуратурасы

   Тиісті сараптамалар тағайындалды.

   Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: