Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас прокуратурасы Киевте журналист Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеуді бастады

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша а.ж. 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 14:20 Сурет: gov.kz
Бүгін, 21 маусымда Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура Айдос Садықовты өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру тобы құрылып, қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.


"Кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Бұған дейін Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Мемлекет басшысы күдіктілердің тұрған жерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: