Киевте Садықовқа шабуыл жасаған күдікті полицияға өз бетімен берілді – Бас прокуратура
Ведомство хабарламасында Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтағаны көрсетілген.
Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.
"21 маусымда А.М. Жаканбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
М. Қаратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.Тергеудің мүддесі орай басқа ақпарат жарияланбайды.
19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады. Президент біздің қоғамдағы барлық қақтығыс пен келіспеушіліктер негізгі халықаралық нормаларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде тек құқықтық алаңда шешілуі керектігін айтты.
БАҚ мәліметтері бойынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықовтар Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube және Telegram арналарын құрған. 2023 жылдың қазан айында оларға іздеу жарияланды. Іздестіру ісі Астанада тіркелді, ал оған ҚР ІІМ бастамашы болған. Құзырлы ведомство оның себебін былай түсіндірді: "Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады".