Жаңалықтар тізбегі
0

Әйелі мен баласын соққыға жыққан Ақмола тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған

Әйелі мен баласын сабап, артынан өзіне қол салған, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 17:55 Сурет: ҚР ІІМ
Кісі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс Ақмола облысының Полиция департаментінде тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, 14 желтоқсанда Есіл ауданының ауылдарының бірінде қайғылы оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-тергеу тобы алдын ала анықтағандай, оқиға болған күні марқұм жұбайының бас аймағын жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салған.

Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлады. Ол куәгер болған. Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқан. Бұл фактілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеп-тексеру барысында оқ атылған тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды. Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні күйеуінің арасында ешқандай жанжал болған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып, полицейлер ер адамды осы шарасыз қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: