Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 миллион теңгеге адам жалдаған: сот үкім шығарды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 09:50 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 26 маусымда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіруді ұйымдастыру, көмектесу және өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың басында Б., бұрынғы әйелі Г.-ға бақылау жасайтын адамды тауып беру үшін М.-ға жүгінген, сыйақы сомасы 1 миллион теңгені құраған. М. осы мақсаттағы жұмыс үшін, Б.-ның шарттарына келіскен Д.-ны тапқан. Кейіннен Б., бұрынғы әйелін қызғаныш пен мүліктік мәселеге байланысты өлтіру үшін М. арқылы Д.-ны жалдаған. Сыйақы 3 000 000 теңгені құраған.

2024 жылғы 18 маусымда таңертең Д., Павлодар қаласы Баратбаев көшесінің бойымен жүріп келе жатқан Г.-ны күтіп тұрып, оны артынан қуып жетіп, қолындағы пышақпен оның кеудесіне және бетіне бірнеше рет пышақ сұғып алған. Алайда, бұрылыстан көліктің шығуына байланысты ұсталып қалудан қорқып, Д. қылмыс орнынан қашып кеткен. Уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында әйел тірі қалды.

Сотталушылардың кінәсі сотталушы Д.-ның алғашқы айғақтарымен, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Сотталушылардың әрекеті аса ауыр қылмыс санатына жатады, ол үшін заң бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың бар болуын: жағымды сипатталуын, кейбір сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын және қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылуын ескерді.

Осылайша, сот әрбір кінәліге 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады.

Сондай-ақ олардан жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 8,8 миллион теңгені құрайтын моральдық шығын мен өкілдің қызметі үшін өтемақы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: