Павлодарда қатарласы мен мұғалімін пышақтаған оқушы түрмеге тоғытылмайтын болды
Сурет: unsplash
2024 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу фактісі бойынша 17 жасар бозбалаға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық іс жабық есік жағдайында қаралды, сондықтан қылмыстың мән-жайын ашып жазу мүмкін емес.
Іс бойынша амбулаторлық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамаларын өткізу арқылы Ж-ның есі дұрыс емес жағдайда қылмыс жасағаны анықталды.
"Психикалық ауруының болуына байланысты, өз іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмағандықтан және оларға ие бола алмағандықтан сот Ж-ға жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындады", делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript