Алматыда жерасты өткелінде қызды зорлаған күдікті ұсталды
newsone.ua
Ол Алматыда тұрақты жұмысы да, тұрғылықты жері де жоқ 39 жастағы ер адам.
Алматыда жерасты жол өткелінде қызды зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматылық жас қыз бір ай бұрын зорланған. Қаскөй оны түнде үйіне қайтіп келе жатқанда Райымбек даңғылы мен Яссауи көшесінің батысында байқап, ізіне түскен.
– Қаскүнем қызды жер асты өткелінде байқап, оны құлатып, дене жарақатын салып, оны адам аз жүретін жерге сүйреп апарып, қорлады. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жәбірленушінің айтуынша, шамамен суреттің эскизі жасалған. Қараңғыда қаскүнемнің бет-әлпетін байқап, оның мінез-құлық ерекшеліктерін есте сақтау мүмкін емес екені түсінікті. Бірақ қыз тергеуге осы қылмыстың ашылуында маңызды рөл атқаратын максималды ақпаратты ұсынды. Жақында күдікті ұсталды. Ол - 39 жаста, Алматыда тұрақты жұмысы және тұрғылықты жері жоқ. Кездейсоқ пайда табумен күн көреді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, сол кезде ол мас болғанын айтады. Қазір ол қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша қылмыс негізінде тергелуде, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript