Атырау облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
ЕТВ
Тұрғындар арасындағы "разборкада" шолақ аңшы мылтығы қолданылды.
Атырау облысының Мақат ауылында тұрғындар арасындағы төбелес соңы атыспен аяқталды. Ақырында бір адам қаза тауып, тағы бір адам жараланды, деп хабарлайды zakon.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар арасындағы "разборкада" шолақ аңшы мылтығы қолданылды. 35 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды, 29 жастағы жігіт жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Атырау облысы Полиция департаментінің өкілі Гүлнәзира Мұхтарованың мәліметінше, бұл бұрын хабарланғандай, "жаппай төбелес" емес.
Екі күдікті анықталды, бірі ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК 99 бабы, 1-б. (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript