Жаңалықтар тізбегі
0

Кісі өлтіріп, 15 жыл қашып жүрген Өзбекстан азаматы Алматы облысында ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 00:30 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күдікті есірткілік масаң күйде болған.

Алматы облысында адам өлтіргені үшін 15 жыл іздеуде болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені үшін ұсталған Өзбекстан азаматы қамаудан қашқан, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам болып шыққан.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында құрамында есірткі заты бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтаған. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күдікті есірткілік масаң күйде болған. Ұстау кезінде өзін агрессивті жағынан көрсеткен, ол асүй пышағын алып, өзіне-өзі қол жұмсаймын деп қорқытқан. Алайда , жедел уәкілдер оны бірден бейтараптандырып, Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізген.

Жеке басын анықтау барысында, күдіктінің өзгенің атын пайдаланғаны белгілі болды, себебі алынған фотосурет оның бейнесіне сәйкес келмеген. Дерекқор бойынша саусақ іздерін тексерген тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Өзбекстан құқық қорғау органдарымен адам өлтіргені және қамаудан қашқаны үшін іздеуде жүргенін анықтады. 1976 жылғы Өзбекстан азаматы 03.06.2005 жылдан бастап іздеуде жүрген. Қамауға алу санкциясы бар қашқын тергеу оқшаулағышына этапталды. Жасалған қылмысы үшін жауапкершілік туралы мәселе шешілгеннен кейін оны Өзбекстан еліне экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: