Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында шетелдік мұғалімді тонаған ұры қолға түсті

bessarabiainform.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2019 18:20 bessarabiainform.com
Жәбірленушінің қолды болған құжаттары қайтарылып берілді, ал күдікті болса қамауда отыр.

Алматы облысында тәртіп сақшылары шетел азаматшасының сөмкесін үптеп кеткен ұрыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 10 наурыз күні Қарасай ауданының полициясына 23 жастағы Филиппин азаматшасы өз құжаттары мен ақшаларының ұрланғаны жөнінде арызданған. Дерек бойынша белгісіз азаматтың бір күн бұрын Қаскелең қаласындағы дәмхананың бірінде шетел азаматшасының құжаттары мен 30 мың теңге көлемінде қаржысы бар сөмкесін ұрлап кеткені анықталды.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының полиция қызметкерлері азаматшаның мүлкін ұрлады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қолды болған жеке куәлік өз иесіне қайтарылды. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Филиппин азаматшасының Алматыда уақытша тұрып жатқандығы, былтырғы сәуір айынан бастап жергілікті компаниялардың бірінде ағылшын тілін оқытатыны белгілі болды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тергеу кезінде «мекен-жайын өзгертпеу туралы» міндеттемемен босатылғанын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: