Омбыда жасөспірім балаға найзағай түсті
Pixabay
Баланың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.
Омбы облысында найзағайдан 15 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz өңірдің тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 мамырда сағат шамамен 21:00-де Есілкөл (Исилькульский) ауданында болған.
Бала Рославка ауылының сыртына өрістен қайтатын сиырды күтіп алуға шыққан. Найзағай сол кезде түскен. Сол маңда болған ауылдастары мен фельдшер балаға көмектесуге тырысқанымен, оның өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript