Шымкентте ер адам көшеде әйелінің шашынан ұстап сүйреген
Facebook/Айла Джумалиева
Шымкент қалалық полициясы бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бойынша алдын-ала тергеу басталғанын айтты.
Шымкенттік заңгер Айла Жұмаәлиева желідегі парақшасына көшесінде әйелінің шашынан ұстап, сүйреген еркек туралы жазбамен қатар, оның дәлелі ретінде суреттер мен видео жариялады. Заңгердің айтуынша, дәлелдердің жеткіліктігіне қарамастан бұл ер адам әлі күнге жазаға тартылмаған, деп хабарлайды zakon.kz.
"...Мына видеоны салмасқа шара қалмады, халық көрсін өз әйеліне, баласының анасына қорлық көрсетіп жүрген күйеуін қандай ана туғанын.
Баланың анасының айтуынша Шымкентте шенді орындарда отырған ағаларының барын айтып қолдарыңнан ештеңке келмейді, не істесеңдерде оны істеңдер деп баласын қолдап қойыпты . Сонда қазақ елінде заң жүруі өте қиын деген ұғым санаға келеді. Шымкент Қаласының Полиция Департаменті Eraly Zhumakhanbetov мырза, мына салған видеоны көрсеңіз Шымкент қаласының тұрғыны адамның намысын таптап құқығын жерге басқан боқауыз сөздер айтып жатыр. Айтылып жатқан балағат сөздерді сіздің полиция қызметкеріңіз есітіп, ешқандай шара көрмеген болар әлі күнге дейін " бездействие сотрудника полиций " полиция қызметкері мен баланың анасына заңды шара көрулеріңізді сұраймын заң бәріне бірдей және тең дәрежеде қолдану керек? Және айтып кететін жағдай: жәбір көрген қыздың әпкесі хабарласты, қазір сот медициналық сараптамадан өтейін деп тұрған екен, сол жердегі полиция қызметкерлері айтып жатыр екен іс қысқарады, жеңіл дәрежеде алған деп, басынан тепкен видео бар шашынан жұлып, ел куә енді заңды шара көріп істеген ісін басымен көтерер ме екен әлде жылы жауап қояды ма? Шымкент қаласының прокуратурасы бақылауға алуларыңызды сұраймын сіздер заңдылықты қадағалаушы органсыздар сол үшін заңды шешім қабылдануы керек, жәбір көрген қыз бұданда алдын талай жазылған істер қалып кетіп жатқан, сот медициналық сараптамадан талай өткен, сол қортындыларды жинап бір шарасын көру керек", делінген жазбада (автор жазбасы сол күйінде берілді).
Шымкент қалалық полиция бөліміндегілер бұл оқиғаға қатысты тергеу енді басталғанын айтты.
Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша алдын-ала тергеу басталды. 18 мамырда зардап шеккен адамға жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дәлелдемелер негізінде процессуалдық шешім қабылданады", - деді полициядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript