Рудныйда 13 жасар қыз 9-қабаттағы терезеден секіріп кетті

mail.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 23:05 mail.kz
Бүгінгі таңда оның жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты.

Рудныйда 13 жастағы қыз 9-қабаттағы терезеден секіріп кетті. Қыздың мұндай оқыс қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға екі күн бұрын болды. Қыз асфальтқа құлап, өте ауыр жарақат алды.

Дәрігерлер дененің көптеген жерінің сынуы мен бас-ми жарақаты диагнозын қойды.

Қыз ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Бүгінгі таңда оның жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты, - деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Бүгін облыстық балалар ауруханасының мамандары Рудный қаласындағы әріптестеріне аттанды. Қыз есін жиған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: